dat.kz

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
  • default color
  • black color

Қажымұқан Ғабдолла: Сасқан үйрек...

E-mail Баспа PDF

altнемесе «Ірік ауыздан – шірік сөз шығады»...

...««Тәуелсізбіз» дейтін жиырма жылда қандай жетістіктерге жеттік?» – деген сауалға кімнің, қалай жауап табатынын қайдам, мен ойлап отырсам, ең терең меңгеріп,
қанымызға сіңірген басты «жетістігіміз» – су жұқпас, от қарымас жағымпаздық! Мұхтар Шахановтың тілімен айтсақ: «ТЖ-лық, яки, туфли жалаушылық», дәлірек айтсақ, ұят-аятты жинап қойып, ар-намысты қамап тастап, бастыққа, байға, барға, зорға, молға – жақсы көріну, сөзге семіру, мүләйімсу, мүсәпірсу, досты сату, туысты тұқырту, елді жамандау, кедейді күстәналау, күштіні лепірту, ашқарақты кекірту, ақымақты аспандату, ұрыны ұлықтау, күнәсізді құрықтау және т.с.с. екен...
Толық оқу
 

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА :Арғымақ байлап не керек, Артынан жабы жеткен соң...

E-mail Баспа PDF

alt...Жаңаөзен жанымызды жаралады...

Ішкеніміз – ірің, жегеніміз – желім болды... Ас батпады, ұйқы қашты...
Жаңаөзен жазығы түгіл, Маңғыстауды маңайлаудың өзі мұң болды...
Мыңдар ойланып, жүздер жүрексінсе де,
Мұхтар Шахановты ешкім тоқтата алмады. Шаханов шамданып, Ақтауға аяқ басты...
Толық оқу
 

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА: ҮМІТ ОТЫ СӨНБЕЙДІ...

E-mail Баспа PDF
altТірі адамға тіршілік тоқтап тұрмайды. Жаңа ғасырдың тағы бір жылы тарих қойнауында қалды. Алдағы он екі айда біз қазақтың қамын күйттеуден танбайтын боламыз. Бұл – біздің бар мақсат-мүддеміз, тұғыр-тағдырымыз...
Терең толғап, сана тезінде таразыласақ, ескі жылдың қазақты қаншалықты жарылқағанын дәп басып, дөп айту қиын. «Баяғы жартас, бір жартас. Күнде барам, айқай салам, Естілер сол жаңғырық!»...
Әкімдер – өтірік айтудан, ұрылар – жымқырудан әсте жаңылар емес...

Толық оқу
 

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА: Жел тұрмаса...

E-mail Баспа PDF
Қолданушылар бағасы: / 4
ЖаманӨте жақсы 

altҚалай айтсақ та, қазақ билігін мазасыздық дендеді. Бір орасан қателіктің кеткені ақиқат. Идеология басындағылардың бірі Мәулен Әшімбаевтың жылы орынынан айырылуы – сөзіміздің айғағы. 

Мамыражай күн кешкен елімізде жарылыстар орын алды.

Біреулер Ақтөбе мен Атыраудағы аламан-асырдың соңын ала бере: «Бұл қаракеттің артында кезінде осы екі облысты басқарған Президент Әкімшілігінің қазіргі басшысы Аслан Мусинтұр» - деп, көлгірсіді.

Толық оқу
 

Қажымұқан Ғабдолланың “Руханият” партиясының құрылтайында (30.11.2011) сөйлеген сөзі

E-mail Баспа PDF

altҚадірменді халайық, ардақты ағайын, құрметті әріптестер!

Қазақ егемендігінің 20 жылында біз туған жеріміздің байлықтарымен қатар, орасан рухани қазыналарымыздан айырылдық. Жиырма жыл бойы біз жалғыз ғана нәрсені: қазақ тілінің шынайы егемендігін ала алмадық.
Бұл сұмдық үшін бүгін әрбір қазақ ұялуы керек.
Ұлттық тілі жоқ елдің – болашағы да жоқ.
Толық оқу
 

Қажымұқан Ғабдолла. АЛАМАН-БӘЙГЕ БАСТАЛДЫ...

E-mail Баспа PDF

altҚазақ парламентінің Мәжілісі Елбасының елеусіздеу түсіндіруімен әп сәтте тарихтың шыңырауына құлап кетті...
Елбасы, ең алдымен, бұрынғы әдетіне салып, жұртты үркітіп-қорқытудан бастады, әңгімесін...
Оның айтуынша, әлемдік қаржы дағдарысының екінші толқыны 2012 жылы аса қуатты қарқынмен соғатын көрінеді. Сондықтан, Мәжіліске шұғыл ойланып, жылдам шешімдер қабылдауға қабілетті, яғни, жаңа заңдарды кідіріссіз қабылдайтын батыл адамдар қажет екен.

Толық оқу
 

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА: Есті сөздің есесі

E-mail Баспа PDF

altИслам дінінің адам баласын ылғи тазалыққа үндеп, адалдыққа шақыратыны анық. Қазір әлемде адамзаттың төрттен бірі иләһи дінді ұстанып, аялап отыр. Алла Тағала Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымызды бүкіл ғаламдарға рахым нұры және ақиқат дінді жеткізуші еткендігі турасында Құран Кәрімде: «Әй, адамдар! Мен сендердің барлығыңа Алланың жіберген елшісімін. Жер мен көктің патшалығы Алланікі. Одан өзге ешбір Құдай жоқ. Ол тірілтеді де өлтіреді. Сондықтан, Аллаға және Алланың сөздеріне сенетін, оның оқу-жазуды білмейтін Пайғамбар елшісіне иман келтіріңдер. Тура жол табуларың үшін оған ілесіңдер!», – дейді («Ағраф» сүресі, 158-аят).

Толық оқу
 

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА: Баламасыз қоғам батпақтап қалады...

E-mail Баспа PDF

altҚазір қазақ Мәжілісінің келесі құрамы туралы тақырып ең өзекті сияқты. «Партиялардың бағыттары мен басшылары не істей алады?», «Мәжілісшілерге тіркелген кандидаттар кімдер және қандай партияны таңдады?» – дегендей сауалдар, елдің ауызында.

Бірақ, қазіргі қазақ қоғамы басты нәрсені түсінуі керек. Ол – біріншіден, экономикада әділ бәсекелестік орнамаса – көлеңкелі бизнес (яғни, ұрлық-қарлық,

Толық оқу
 

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА: Билік қартайды, тәртіп талтайды...

E-mail Баспа PDF

alt...Қазақ Елінің тарихына Жаңа Желтоқсан көтерілісі енді. Екінші желтоқ­сан... Бұлай болар деп кім ойлаған?!.
Араға тура жиырма бес жыл салып, тағдырдың теперіші титықтатқан қазақ жастары тағы да әділдік іздеп, көшеге шықты. Бұл жолы Алматының көшелері емес, Жаңаөзеннің көшелері адамның қанына боялды... 
Дәл осыдан жиырма бес жыл бұрынғы біржақты айыптаулардан аса алмаған бүлік, яғни, бұрынғы орыс билігі, қазіргі қазақ билігі тағы да – қазақ жастарын «бұзақылар, маскүнемдер, арандатушылар, нашақорлар» деп атап, артына «егемендігіміздің іргесін сөккісі келгендер» дегенді де қыстырып қойды...

Толық оқу
 

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА: ТҰҒЫР ТЕҢСЕЛГЕН ЖЫЛ БОЛДЫ....

E-mail Баспа PDF

alt...Тағы бір жыл бітуге таяды. Тәуелсіздігімізге тура жиырма жыл толған күні төл топырағымызда туған бауырларымыздың қаны төгілді. Он екіде бір гүлі ашылмаған өрімдей жас жігіттеріміз мен аяулы қарындасымыз қапыда көз жұмды...

Құдай берген жанды ешкімнің алуға қақысы жоқ. Адамның қанын төгуді – ешқандай себептер ақтап ала алмайды...

Толық оқу
 

Саяси сауаттылық керек.

E-mail Баспа PDF

altІлім адам баласын қараңғыдан алып шығар жарық шырық іспетті. Адам баласы жаратылғанан бері ілімге мұқтаж болып келеді. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Қытайдан болса да барып ілім алыңдар» дейді. Ілімсіздік адам баласын қиындыққа машақатқа, келеңсіздікке апарады. Ілімсіздік халықты қара тобырға айналдырады.

Қазан төңкерісі кезінде халық жалпы сауатсыз болған, соның кесірінен халық қаншама зиян шекті. Сауатсыздықтың кесірінен қазақтың жартысы аштан қырылды. 1937 жылдары бетке ұстар білімді адамдар атылып кетті.

Толық оқу
 

ҚҰЛАҚТАНДЫРУ

E-mail Баспа PDF

altБелгілі ақын, қоғам қайраткері, тіркелмеген «Халық рухы» партиясының төрағасы М.Шаханов, «Руханият» партиясының төрағасы С. Мәмбеталин, тіркелмеген «Абырой» партиясының төрағасы У.Қайсар алда өтетін Парламент сайлауы науқанына байланысты баспасөз мәслихатын өткізеді.

Баспасөз мәслихаты 2011 жылдың 24 қарашасы күні сағат 11.00-де Пушкин көш. 2 үй, 6-қабат (Райымбек даңғ.қиылысы, «Саяхат» автобекетіне қарсы) өтеді.

Толық оқу
 
Бет 1 из 13

 Қажымұқан Ғабдолланың жеке веб-сайты.

Материалдарды пайдаланған жағдайда сайтқа cілтеме жасау міндетті.

Біздің газеттер

  • Жыми - ересектерге арналған басылым
  • Телепрограмма - ақпараттық танымдық басылым
  • Анекдоттар әлемі - күлдіртетін газет
  • Күшпен - миы көп адамдарға арналған газет
  • Ғибадат

Сауалнама

Ел басқаруға кім лайық?
 

Онлайнда

Қазір 28 қонақ онлайн

Статистика